2026 жылдың 4 ақпанында ХАТУ-да Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі секциясы және кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» кездесу өтті.


Іс-шара барысында қатысушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы айтып, сондай-ақ оның жүрекке терең әсер ететін өлеңдерін оқыды.


Кештің құрметті қонағы Айдарова Бақытгүл Қыдырбайқызы және ақиық ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы Мақатаев


Рухани кеш барша қатысушыға ерекше көңіл-күй сыйлап, ақын мұрасына деген құрметті арттыра түсті. Іс-шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.
