

Келіссөздер барысында тараптар академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, соның ішінде студент алмасу бағдарламаларын, бірлескен білім беру бастамаларын, қос диплом бағдарламаларын, сондай-ақ жазғы және қысқы мектептерді өткізуді талқылады .


Кездесудің басты нәтижесі білім және ғылым саласындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды. Университеттер арасындағы ынтымақтастық академиялық ұтқырлық пен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады .


МТУСИ ректоры Ерохин Сергей Дмитриевичке бізге артқан сенімі және ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға деген дайындығы үшін алғыс білдіреміз!
