МУИТ және Yalong Intelligent Group ақылды өндіріске қарай жолда!
13.01.2025

Бүгін ХАТУ-да жасанды интеллект негізіндегі өндіріс саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған интеграциялық шешімдер әзірлеуші ретінде танымал Қытайдың Yalong Intelligent Group компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.


1983 жылы негізі қаланған Yalong Intelligent Group өнеркәсіп пен білім беру салаларында әлемдік жоғары технологиялық көшбасшы болып табылады. Компания өндіріс, робототехника және өнеркәсіптік бағдарламалық жасақтама салаларында зерттеу, дамыту, өндіру және қызмет көрсету іс-шараларын тиімді үйлестіріп, кәсіпорындардың сандық трансформациясы үшін инновациялық әрі қолжетімді шешімдер ұсынады.


Кездесудің мақсаты – оқытушылар мен студенттерді даярлау, практикалық оқытуды ұйымдастыру, студенттер арасында тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау болды.


Бұл кездесудің нәтижесінде екі жақ арасындағы болашақ халықаралық алмасулар мен ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастықтың негізі қаланатынына үміт артамыз.

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих