2024 жылдың 27 қарашасында IITU-да Seoul Media Institute of Technology (SMIT) президенті және Глобалдық корей орталығының делегациясымен кездесу өтті. Іс-шара оқу орындары арасындағы тиімді ынтымақтастықты нығайту және халықаралық білім беру байланыстарын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылау, сондай-ақ Киберқауіпсіздік, Жобаларды басқару және Executive MBA сияқты маңызды салаларда қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу мәселелерін қарастыру болды. Бұл бағыттар халықаралық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және өзектілігімен ерекшеленеді.
IITU және SMIT осы бағдарламалардың сәтті іске асуы екі елдегі білім мен ғылымның дамуына маңызды үлес қосатынына және ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастыққа жол ашатынына сенімді.