KazInfoTeh өкілдерімен кездесудің қорытындысы
05.03.2026


26 ақпанда IITU-да студенттердің KazInfoTeh компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара IT және мобильді технологиялар саласында жұмысқа орналасу және мансап

құру мүмкіндіктеріне арналды. Кездесу барысында қатысушылар компаниядағы мансаптық бағыттар, үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері және кәсіби өсу перспективалары жөнінде толық ақпарат алды. Сонымен қатар студенттердің еңбек жолын жаңа бастаған кезеңнен бастап бәсекеге қабілетті табыс деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін практикалық тәжірибе мәселелеріне ерекше назар аударылды. Компания өкілдері IITU студенттері KazInfoTeh компаниясында табысты еңбек етіп, жоғары нәтижелер көрсетіп жүргенін атап өтті. Бұл университетте қалыптасатын құзыреттердің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін көрсетеді. Ашық диалог форматында өткен кездесу студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға, еңбек нарығында жоғары бағаланатын дағдыларды талқылауға және IT саласындағы кәсіби даму бойынша нақты ұсыныстар алуға мүмкіндік берді. Іс-шара кәсіби өсуге және IT саласында мансапты сенімді бастауға ұмтылған студенттер үшін маңызды қадамға айналды


IMG_8329.jpg

IMG_8330.jpg

Версия сайта для слабовидящих