9 ақпанда ХАТУ-да экономист және Қазақстанмен коммерциялық байланыстар жөніндегі Италия–Қазақстан Палатасының негізін қалаушы Джорджо Лаканьинамен кездесу өтті.
Кездесу барысында ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.


Кездесу қорытындысы бойынша ХАТУ энергетика және өнеркәсіп салаларына арналған цифрлық және аналитикалық шешімдер бағытында бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды көздейтін жобалық ұсыныс алды.
Университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін өзекті пәнаралық зерттеулерге қатысу біз үшін маңызды.
