2026 жылдың 27 наурызында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің барлық кафедралары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жалпыуниверситеттік «ECO day» сенбілігіне белсенді түрде қатысты.
Экологиялық бастама университет ұжымын маңызды мақсат — абаттандыру және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру жолында біріктірді. Қатысушылардың ұйымшылдықпен атқарған жұмысы, жоғары жауапкершілігі мен корпоративтік ауызбіршілігінің арқасында кампус аумағы сәтті тазартылып, ретке келтірілді.
Университет басшылығы барлық қызметкерлерге көрсеткен бастамасы үшін алғыс білдіреді. Мұндай іс-шаралар ХАТУ аумағын көріктендіріп қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалықты сақтау өзімізден басталатынын еске салады.



