14-15 қазан күні Академиялық адалдық лигасының өкілдері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқу үрдісіне мониторинг жүргізді.
Академиялық адалдық лигасы – 2018 жылы құрылған Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі. Құрылған күнінен бастап IITU оның қызметіне белсенді қатысады.
Негізгі мақсаты – академиялық адалдықтың 10 негізгі принципін енгізу және сақтау арқылы елдегі білім сапасын арттыру.
Кездесу барысында Лига өкілдері университет инфрақұрылымымен, оның ішінде оқу лабораториялары мен заманауи білім беру технологияларымен танысты. Сондай-ақ, цифрландыру мәселелері және ғылыми зерттеулердің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.