2025 жылдың 5–6 желтоқсанында Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында цифрлық және креативті индустриялар саласындағы ең ірі жастар фестивальдерінің бірі — ITFest 2025 өтеді. Іс-шара мемлекеттік AI-Sana бағдарламасы аясында Қазақстан ЖОО-лары Альянсы мен NNEF қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылады. Альянс ұлттық экономика үшін кадр дайындайтын елдің жетекші университеттерін біріктіреді: IITU, KBTU, UIB және Astana IT.
Фестивальдің мақсаты — студенттер мен оқушылардың цифрлық дағдыларын, кәсіпкерлік ойлауын және жоба жасау мәдениетін дамыту, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдануды танымал ету. Қатысушылар төмендегі 8 бағыт бойынша жарысады:
— Hackathon
Тақырыптар: AI, blockchain, big data, digital services
Қатысушылар: оқушылар
Формат: бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға арналған инновациялық шешімдерді әзірлейтін командалық жобалар.
— Startup Battle
Тақырыптар: GreenTech, FinTech, EdTech, MedTech, Creative Industry және т.б.
Ерекшелігі: AI/ML қолданатын жобалар
Формат: стартаптарды қазылар алқасына таныстыру.
— CyberSecurity CTF
Киберқауіпсіздік турнирі
Қатысушылар: оқушылар мен студенттер
Формат: практикалық тапсырмалар мен киберқауіпсіздік кейстері.
— CyberSport
Дисциплиналар: CS2, Dota 2, FIFA
Формат: жастар арасындағы киберспорт жарыстары.
— Movie & Video
Қысқаметражды видео және AI-контент байқауы
Формат: цифрлық технологиялар мен AI қолданылған креативті жобалар.
— Design & Animation
Webtoon, анимация және графикалық дизайн байқауы
Қатысушылар: оқушылар мен студенттер.
— ITFest Cup (ICPC)
Спорттық бағдарламалау
Қатысушылар: оқушылар
Формат: алгоритмдік тапсырмаларды уақытқа шешу.
— IT FEST Robo Competition
Бағыт: робототехника және микроконтроллерлерді бағдарламалау
Қатысушылар: 8–11 сынып оқушылары
Мақсаты: техникалық пәндерді дәріптеу, ESP32-мен жұмыс істеуді үйрену, электроника мен бағдарламалау бойынша білімді тереңдету
Формат: мобильді роботтар құрастыру және практикалық тапсырмаларды орындау.
Жүлделі орындар:
— 1-орын – 250 000 теңге;
— 2-орын – 200 000 теңге;
— 3-орын – 150 000 теңге.
IT FEST Robo Competition:
— 1-орын – 200 000 теңге;
— 2-орын – 150 000 теңге;
— 3-орын – 100 000 теңге.
Номинациялар бойынша 50 000 теңгеден ("Ең үздік инженерлік шешім", "Ең үздік web interface", "Ең үздік презентация").