24 сағат, бір тақырып және толық шығармашылық еркіндік — қысқаметражды фильмдерден бастап анимацияларға және VR-жобаларға дейін. Өз тарихыңды 3-7 минут ішінде жаса.
ITFest 2025 «Кино және Видео» секциясына қатысуға шақырады — мұнда идея тарихқа айналып, бір тәулікте жасалған жұмыс жеңіске жеткізуі мүмкін!
Егер сіз әлемге камера көзімен қарай алсаңыз — бұл сіздің сәтіңіз. Қатысушылар рандомайзер арқылы тақырып алып, 24 сағат ішінде ұзақтығы 3–7 минуттық видеожоба дайындайды. Формат еркін: қысқаметражды фильм, анимация, деректі видео, клип, видео-арт, жаңа медиа, интерактив, VR, 360° және тағы басқалар.
📍 Өтетін орны: Алматы, «Атакент» көрме орталығы, «Кино және видео» аймағы.
📅 Күндер:
5 желтоқсан — мастер-кластар және тақырып анықтау.
6 желтоқсан — жұмыстарды қабылдау, бағалау және нәтижелерді жариялау.
Қатысуға студенттер, мектеп оқушылары, әуесқойлар, кәсіби мамандар және шетелдік командалар шақырылады. Команда құрамы — 1–3 адам. Қатысу тегін.
🏆 Жүлделер:
1 орын — 250 000 тг
2 орын — 200 000 тг
3 орын — 150 000 тг
🎓 Мектеп оқушыларына арналған гранттар (100%, 75%, 50%) — жалпы топ- үштікке енсе де, жеке мектепшілік рейтингте де беріледі.
Жұмыстар бес критерий бойынша бағаланады: тақырыпқа сәйкестік, түпнұсқалық, көркемдік деңгей, техникалық күрделілік және көрерменге әсері.
Кино тілі — сіздің күшті жағыңыз болса, бізге қосылыңыз!
📝 Тіркелу — ITFest 2025 ресми парақшасында.