2026 жылғы 10 сәуірде «Жасанды интеллект» бірлескен білім беру бағдарламасы аясында «Тану есебі мысалында терең оқытуға кіріспе» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шара Energo University (АЭжБУ) қабырғасында ХАТУ «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерінің қатысуымен өтті.
Дәрісті техника ғылымдарының магистрі, ХАТУ МКМ кафедрасының senior-лекторы Зейнель Момынкұлов оқыды.
Дәріске «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ХАТУ және Energo University студенттері қатысты. Қатысушылар терең оқытудың негіздерімен танысып, тану есептерінің практикалық аспектілерін қарастырды.
Мұндай іс-шаралар студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.




