ХАТУ журналистика студенттерінің халықаралық медиа мектебі Польшада өтті
12.03.2026

2026 жылдың ақпан–наурыз айларында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті журналистика студенттеріне арналған жыл сайынғы халықаралық медиа мектеп өтті. Биылғы бағдарлама Познань қаласында (Польша) серіктес университет — Адам Мицкевич атындағы Познань университеті базасында ұйымдастырылды.


Медиа мектепке ХАТУ-дың «Журналистика» мамандығы бойынша 12 студенті қатысты. Олар 15 күн бойы серіктес университеттің академиялық және студенттік

ортасымен танысты. Университеттер арасында журналистика мамандығы бойынша қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда.


Бағдарлама аясында ХАТУ студенттері поляк студенттерімен бірге 3 ECTS көлеміндегі дәрістер циклін тыңдады. Медиа мектептің оқу бағдарламасын факультет деканы Szymon Ossowski, декан орынбасары Agnieszka Stepinska, халықаралық бөлім жетекшісі Bartosz Hordecki және профессорлар Jakub Jakubowski мен Jedrzej Skrzypczak ұйымдастырды.


Студенттер оқу бағдарламасынан бөлек Варшава, Гданьск, Краков және Вроцлав қалаларындағы музейлер мен көрмелерді аралап, Польша мәдениетімен танысты.


Ең ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі — Леонардо да Винчи салған әйгілі Дама с горностаем картинасының түпнұсқасын көру болды.


Медиа мектепке қатысушы, ХАТУ-дың «Халықаралық журналистика және интернет қауіпсіздігі» бағдарламасының 2 курс студенті Акерке Елемес өз әсерімен бөлісті: «Бұл сапар маған жаңа білім алуға, достар табуға және басқа елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік берді. Енді мен журналистика бойынша қос диплом бағдарламасында оқып, МУИТ дипломымен бірге еуропалық диплом алуды мақсат етіп отырмын».


Айта кету керек, бұл ХАТУ журналистика студенттеріне арналған екінші халықаралық медиа мектеп. Біріншісі 2025 жылы Алматыда өтті.


2027 жылы медиа мектепті ұйымдастыруды бағдарламаның тағы бір серіктесі — Rhodes College (АҚШ) жоспарлап отыр.

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.35.32.jpeg

IMG_4140.JPG

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.36.31.jpeg

IMG_4139.JPG

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.33.53.jpeg

WhatsApp Image 2026-03-10 at 12.33.57 (1).jpeg

Версия сайта для слабовидящих