ХАТУ-дағы Халықаралық отбасы күні
15.05.2026

2026 жылдың 15 мамырында «Бизнес, медиа және басқару» және «Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік» факультеттерінің ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай «Мықты отбасы – қоғамның берік тұғыры» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ХАТУ психологы Құсаинова Банум Алмасовна сөз сөйлеп, студенттермен отбасы құндылықтары, отбасындағы өзара түсіністік, қолдау мәдениеті және салауатты тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар отбасының адам өміріндегі маңызын талқылап, сүйіспеншілік пен сыйластықтың берік қарым-қатынастың негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, сенім, қолдау және жауапкершілік отбасы бірлігін нығайтатыны айтылды. Отбасылық дәстүрлердің отбасы мүшелері арасындағы байланысты, бірлік пен өзара түсіністікті нығайтатын маңызды құндылық екеніне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген отбасы институтының қоғамдағы рөлі және отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы мәселелері қозғалды.

Іс-шара отбасы құндылықтарын нығайтуға, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамытуға және студенттер арасында ашық диалог мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

dggd.jpg

DSC02019.jpg

gdd.jpg

gdg (2).jpg

Версия сайта для слабовидящих