IITUжәне UNICEF оқытудың инновациялық әдістері
23.10.2024

23 қазан күні IITU-де Бутан Корольдігіндегі "Акелиус" бастамасының үйлестірушісі Тшеринг Пелдон мен ЮНИСЕФ-тің білім беру бойынша үйлестірушісі Дамир Кожанбаевпен балалардың миграциялық процестердегі тіл дағдыларын жақсарту және білімдерін толықтыруға қажетті бағдарламаларға қолдау көрсету мақсатында маңызды кездесу өтті.


Бұл жоба IITU-дің тілдер кафедрасы тарапынан әзірленген, мектеп мұғалімдерін «Акелиус» курсы бойынша тұрақты оқыту ұйымдастыруға бағытталған, мұнда аралас оқыту, сыныпты басқару және оқу жетістіктерін бағалау ерекше назарда болады. Сонымен қатар, балалар мен мұғалімдердің прогресін бағалау үшін арнайы бағалау формасын енгізу жоспарлануда.


Бұл кездесу бастаманы жүзеге асырудың негізгі аспектілерін талқылап, оқыту әдістерін сәтті енгізу стратегияларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бірлескен күш-жігеріміз балалардың білім алу нәтижелерін жақсартуға және олардың дамуына қолдау көрсетуге септігін тигізетініне сенімдіміз!

Версия сайта для слабовидящих