IITU-да маңызды мереке қарсаңында «Киберқауіпсіздік», «Математикалық және компьютерлік модельдеу» және «Радиоэлектроника және телекоммуникация» кафедраларының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбына арналған эдвайзерлік сағаттар өткізілді.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихи кезеңдер, атап айтқанда, мемлекеттік егемендік алған күн және біздің тәуелсіздігімізді ең алғаш мойындаған елдер туралы жан-жақты талқылау өткізілді. Бұл тарихи процесс барысындағы Елбасының айрықша рөлі, мемлекеттік құрылымның нығаюына және елдің өркендеуіне қосқан зор үлесі атап өтілді.
Эдвайзерлік сағат барысында Қазақстанның болашағына әрбір қатысушының қандай үлес қосуы мүмкін екендігі, оның өркендеуі мен тәуелсіздігін нығайту үшін қалай атсалысуға болатыны туралы ой қозғалды. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды. Бұл кездесу барлық қатысушылар үшін тек білімділік қана емес, сондай-ақ шабыттандырушы болды.