24 қазан күні IITU Global Education департаментінің директоры Қазбекова Жанат Бекетовна МАРА Технологиялық университетінің (UiTM) өкілдерімен кездесті.
МАРА Технологиялық университеті (UiTM) – Малайзияның ең ірі көп салалы университеті болып табылады. Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтіп, елдің дамуына елеулі үлес қосқан университет 500-ден астам академиялық бағдарлама ұсынады.
Соңғы жетістіктерінің қатарында UiTM QS Азия университеттерінің 2024 жылғы рейтингінде 98-орынды, ал QS әлемдік университетттерінің 2024 жылғы рейтингінде 599-орынды иеленді.
UiTM университеті IITU-мен студенттер арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асырып келе жатыр. Бұл бағдарламаға қатысқан студенттер жаңа білім мен тәжірибе жинақтап қана қоймай, сонымен қатар екі университет арасындағы ғылым-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға үлес қосады.
Кездесуде екі жақ IT саласындағы кадрларды бірлесіп дайындаумен қатар, академиялық бағдарламалар бойынша онлайн оқытуды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытты. IITU өз профессорларының сараптамасын ҚР шекарасынан тыс жерде таратуға дайын екенін де қолдады.