IITU-да «Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында воркшоп өтті
17.03.2026

13 наурызда IITU-да «Қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында воркшоп өтті.


Іс-шара аясында қатысушылар қос дипломды бағдарламаларды әзірлеудің негізгі тәсілдерін, сондай-ақ нормативтік құқықтық реттеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.


Шақырылған сарапшы – ALMAU университетінің проректоры Шолпан Тазабек трансұлттық білім беру туралы баяндама жасап, қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асырудағы практикалық тәжірибесімен бөлісті.


Воркшоп қорытындысы бойынша қатысушылар заманауи білім беру модельдері туралы түсініктерін кеңейтті, бұл университетте қос дипломды бағдарламаларды дамытудағы бірыңғай тәсілді қалыптастырудағы маңызды қадам болды.

20260313_110011523_iOS (1).jpg

20260313_102914331_iOS.jpg

ыпвспы.png

павы.png

Версия сайта для слабовидящих