IITU Басқарма Төрағасы — ректоры Исахов Асылбек Абдиашимович пен Global Education департаментінің директоры Казбекова Жанат Бекетовна Tenaga Nasional (UNITEN) университетімен кездесті.
Бұл IITU-дің көп жылдық серіктесі. Бірге «Қаржылық инженерия», «Бағдарламалық инженерия» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша қос диплом және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүргізіп отырмыз.
Tenaga Nasional университеті (UNITEN) – инженерлік, IT және ақпараттық технологиялар салаларында мамандар даярлайтын жекеменшік университет. UNITEN Малайзия жоғары оқу орындарын бағалау жүйесі (SETARA) бойынша «5-ші деңгей: Керемет» деген бағаға ие болды.
Университет вице-канцлері профессор Хайрул Саллех бин Мохамед Сахари, вице-канцлердің орынбасарлары және декандардың қатысуымен болған кездесу барысында ғылыми байланыстарды нығайту, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бойынша бірлескен бағдарламаларды дамыту мәселелері талқыланды.