IITU «Digital Technologies in Education, Science and Industry» (DTESI) халықаралық ғылыми конференциясы аясында Италиядан, Украинадан және Ригадан келген қонақтарды қарсы алды.
Қаламызбен таныстыру мақсатында Almaty Tourism Bureau демеушілігімен танымды экскурсия өткіздік.
Экскурсия Алматы қаласының мұражайынан басталып, қонақтар өлкеміздің тарихымен танысты. Содан кейін топ 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ мен Даңқ аллеясына барып, кеңес жауынгерлерінің ерлігіне тағзым етті. Одан әрі Алматы орталық мешітіне барып, елдегі ең ірі мешіттердің бірімен танысып, оның архитектуралық ерекшеліктері мен қаланың мәдени өміріндегі рөлімен танысты. Экскурсанттар мешіттің ішкі безендірулері мен тыныш атмосферасын жоғары бағалады.
Бұл экскурсия тарихи, мәдени және рухани мұраларды біріктіріп, барлық қатысушыларда терең әсер қалдырды.