2026 жылғы 26 мамырда SDU University базасында Академиялық адалдық лигасының 8 жылдығына арналған «Building Trust in Higher Education» атты жыл сайынғы форумы өтті.
Форум жұмысына Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы - Колесникова К.В. қатысып, университеттің академиялық адалдық қағидаттарына және ашық білім беру ортасын дамытуға бейілділігін растады.
Академиялық адалдық лигасы (Akademiialyq Adaldyq Ligasy) – Қазақстандағы жоғары оқу орындарын біріктіретін жетекші ұйымдардың бірі. Оның басты мақсаты – жоғары білім беру жүйесінде ашықтық, әділдік, этика және өзара сенім қағидаттарын нығайту.
Панельдік сессиялар барысында қатысушылар цифрландыру үдерістері мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында академиялық орта алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе академиялық адалдықты бақылау, цифрлық талдау құралдарын қолдану және институционалдық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форум аясында Лиганың қызметіне жүргізілген постмониторингтік талдау нәтижелері, экожүйені дамыту бағыттары, сондай-ақ мектептер мен колледждерге арналған академиялық адалдық стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыстардың қорытындылары ұсынылды.
Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде Лиганың Жалпы жиналысының ресми отырысы өтті. Отырыста жоғары оқу орындарының мүшелікке өтініштері қаралып, жасанды интеллектті пайдалану жөніндегі нұсқаулық бекітілді.
ХАТУ-дың осындай бастамаларға қатысуы университеттің академиялық адалдықты дамытуға қосқан үлесін және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге ұмтылысын айқындайды.


