Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің баскетбол командасы Қазақстанның Республикалық студенттік спорт лигасында алтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды.
Бұл жетістік университет тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады. Соңғы рет мұндай нәтиже 2015 жылы тіркелген болса, араға 10 жыл салып, ХАТУ құрамасы қайтадан ұлттық біріншіліктің жеңімпазы атанып отыр.
Команданың табысты ойыны мен жоғары деңгейдегі дайындық нәтижесінде бірқатар ойыншылар жеке марапаттарға да ие болды. Финалдың ең құнды ойыншысы (MVP) атағы Әділ Досовқа бұйырса, турнирдің үздік ойыншысы аталымын Артем Тугалев иеленді.
Университет ұжымы спортшыларды, жаттықтырушылар құрамын және команданы қолдаған барлық жанкүйерлерді айтулы жеңіспен құттықтайды.
Бұл жеңіс табандылықтың, командалық бірліктің және мақсатқа деген ұмтылыстың нақты нәтижеге жеткізетінінің айқын дәлелі.
ХАТУ сіздермен мақтанады!

