2026 жылдың 26–28 ақпан күндері Adam Mickiewicz университетінде «Media – Conflicts – Propaganda» атты халықаралық қысқы медиа мектебі өтті. Бағдарламаға Қазақстаннан Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері қатысты .
Үш күн бойы қатысушылар саяси кино талдауы, жалған ақпаратпен күрес, интернет қауіпсіздігі және сөз бостандығы мәселелері бойынша дәрістерге қатысты. Сонымен қатар, студенттер халықаралық тәжірибе алмасып, медианың қазіргі қоғамдағы рөлін жан-жақты қарастырды. Бағдарлама барысында арнайы лекциялар, пікірталастар және кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
“Бұл медиа мектеп мен үшін үлкен тәжірибе болды. Біз тек теория емес, практикалық дағдыларды да үйрендік. Енді өзімді журналистика саласында сенімдірек сезінемін.» - деді бағдарламаға қатысушы Ақнұр Бағдат.
Қысқы медиа мектеп — бұл студенттерге арналған халықаралық білім беру бағдарламасы. Мұнда медиа, саясат және қоғам арасындағы байланыс зерттеледі. Мұндай бағдарламалар дезинформация, ақпараттық қауіпсіздік және медиа этика сияқты өзекті мәселелерді терең түсінуге мүмкіндік береді.



