Талантты да шығармашыл жастардың басын қосқан «Jas gala 2026» республикалық фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі өрендер арасында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері де бой көрсетіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық әлеуетін дәлелдеді.
Байқау қорытындысы бойынша ХАТУ өнерпаздары үздік нәтижелерге қол жеткізді:
«Qazyna» ұлттық аспаптар ансамблі өзінің виртуозды орындаушылық шеберлігі мен ұлттық өнерді дәріптеуге қосқан үлесі үшін құрметті ІІІ орынды иеленді.
Университет студенті Серіков Ерасыл өзінің сахналық мәдениеті мен ерекше пластикасының арқасында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, «Хореография» бағыты бойынша арнайы номинациямен марапатталды.
Ауқымды шара барысында Азиз Оралбекұлы арнайы келіп, сөз сөйлеп, өнерпаз жастарымызға өзінің жылы лебізі мен ерекше қолдауын білдірді.
Фестивальден студенттеріміз ұмытылмас ерекше әсермен және үлкен шабытпен оралды. Осындай маңызды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған «Jas gala» ұйымдастырушыларына және студенттердің басын қосып, демеу болған Студенттер альянсына шын жүректен алғыс айтамыз!
Бұндай байқаулар жастардың шығармашылық бастамаларын дамытуға, әлеуетін ашуға зор мүмкіндік береді. Студенттеріміздің алған әсері соншалық, келесі жылы бұл фестиваль қайта ұйымдастырылса, біздің белсенді жастарымыз міндетті түрде тағы да бақ сынайтын болады!
Университетіміздің мәртебесін мәдени ортада асқақтатқан студенттерімізді құттықтаймыз және жаңа белестер тілейміз!


