10-12 сәуір аралығында Назарбаев Университетінің қабырғасында жыл сайынғы Республикалық студенттік математика олимпиадасы өтті.
ХАТУ командасының намысын 1-курс студенттері қорғады: Лемешко Иван Фёдорович (IT3 - 2502МКМ тобы), Сұранчина Айнұр Дәулетқызы (IT3 - 2501ИИ тобы) және Ахмедиярұлы Олжас (IT3 - 2501DS тобы). Сонымен қатар, жеке біріншілікте студент Айдарбеков Мансұр (IT3 - 2503DS тобы) бақ сынады. Қатысушыларға 4 сағат ішінде жоғары математика бойынша 5 есеп шығару ұсынылды — бұл логиканың, білімнің және төзімділіктің нағыз сынағы!
Олимпиада қорытындысы бойынша IT3 - 2501DS тобының студенті Айдарбеков Мансұр 24 ұпай жинап, жүлделі 2-орынды иеленді! Мансұрды керемет нәтижесімен құттықтаймыз және оған алдағы уақытта жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!