Университеттің жастар ұйымдары комитеті ауқымды іс-шара – «IITU Student Life Fair» жәрмеңкесін өткізді. Бұл шараға бірінші курс студенттері ерекше қызығушылық танытып, белсене қатысты.
Жәрмеңке барысында студенттер университет клубтары мен ұйымдарының қызмет бағыттарымен, спорттық және мәдени өмірімен, шығармашылық бастамаларымен және волонтерлік жұмыстарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында клуб жетекшілері мен белсенділері презентациялар өткізіп, ойындар мен викториналар ұйымдастырды. Көңілді көңіл-күйді «Shadows» би тобының ерекше өнері мен ВИА «Auen» ансамблінің жарқын музыкалық қойылымдары арттыра түсті. Күн соңында студенттер университеттің акт залында кино көрсетілімге жиналды.
«IITU Student Life Fair» студенттердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, шығармашылық әлеуетін ашуға, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға және корпоративтік рухты нығайтуға ықпал еткен маңызды іс-шара болды. Қатысушылар университеттің шығармашылық ортасына еніп қана қоймай, өз қызығушылықтарына сай клубтарды тапты, жаңа достар тауып, пікірлестер қатарын кеңейтті.