ХАТУ өкілдері «Lumières» қорының ашылу рәсіміне қатысты
06.05.2026

2026 жылғы 5 мамырда Астана қаласында Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет базасында «Lumières» қорының ресми ашылу салтанаты өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ академиялық, институционалдық және іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты.


ХАТУ атынан іс-шараға Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы – Ректор К.В. Колесникова қатысып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдады.


ХАТУ өкілдерінің осындай жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараларға қатысуы университеттің жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнының нығайып келе жатқанын және оның халықаралық серіктестікке ашық, бәсекеге қабілетті білім ордасы екенін көрсетеді.


«Lumières» қоры жоғары білім беру саласындағы маңызды жобалардың бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Франция университеттері арасындағы қос диплом бағдарламаларын дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды ілгерілету. Сонымен қатар, қор француз компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыруға бағытталған.


Аталған іс-шара Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестіктің жаңа кезеңін айқындап, білім мен ғылым саласындағы өзара байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.


2af80b3d-00c5-49fe-bc2d-a45b8461cc44.jpg

ab43dbbd-739a-4f0b-98f1-2c134979f2fc.jpg

Версия сайта для слабовидящих