IITU басшылығы Малайзияға сапары барысында Мультимедиа университетімен (MMU) кездесті!
Кездесуге IITU Басқарма Төрағасы - Ректор Исахов Асылбек Абдиашимович және Global Education департаментінің директоры Жанат Қазбекова қатысты. Екі тарап ақпараттық технологиялар, медиа және телекоммуникация саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту, халықаралық алмасу мен серіктестікті күшейтудегі ортақ мақсаттарын талқылады. Сонымен қатар, меморандумға қол қою және ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Мультимедиа университеті (MMU) –1994 жылы Telekom Malaysia Berhad (TM) компаниясымен құрылған және Білім беру министрлігінен Малайзиядағы алғашқы жекеменшік университет мәртебесін алған, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация салаларына мамандандырылған жоғары оқу орны.
Бұл ынтымақтастық екі оқу орданың студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, тәжірибе мен білім алмасуға ерекше жағдай жасайды деген сенімдеміз.