«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлерді (ұлдар мен қыздарды) және запастағы сержанттарды (ұлдарды) даярлау бағдарламалары бойынша оқуға студенттерді қабылдайды
2026 жылғы 2 ақпаннан 30 қыркүйекке дейін Әскери кафедрада Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, 24 жастан аспаған және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды 1, 2 және 3 курс (ЖОО-да оқу мерзіміне байланысты) ұлдар және қыздар -студенттерінен құжаттар қабылдау жүргізіледі.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін келесі мекен-жайға келу қажет: Алматы қ., Абай көшесі, 52/Г («Байзақ» БО), 2 қабат, 229 кабинет, тел.: 244-51-05.
Құжаттарды қабылдау күндері: КҮН САЙЫН (сенбі, жексенбі - демалыс).
Жұмыс уақыты: 10.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Әскери кафедрада оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін, таңдалған оқу бағдарламасына сәйкес, «запастағы лейтенант» немесе «запастағы кіші сержант» әскери атағы беріледі