IITU халықаралық серіктестікті кеңейтуде!
2024 жылдың 23 қазан күні IITU өкілділігі атынан Global Education департаментінің директоры Жанат Бекетқызы Қазбекова Малайзияға жұмыс сапары барысында INTI International University (Куала-Лумпур, Малайзия) өкілдерімен кездесті.
INTI –5 континенттегі 30-дан аса елдің 100-ден астам университетерімен, Малайзияда және одан тыс 1000-нан астам индустриялық серіктестермен тығыз байланыс орнатқан беделді университет. Қазіргі таңда 35 жылдан астам уақыт бойы жас таланттарды қалыптастырып келе жатқан INTI университетінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген 16 500-ден астам студент білім алуда.
Екі университет өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, IITU мен INTI арасындағы келесі негізгі бағыттар:
а) Студенттер мен оқытушылар арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы
б) Академиялық бағдарламаларды әзірлеулегі ынтымақтастық
в) Бірлескен зерттеулер және басылымдар
г) Тәжірибе мен білім алмасу
д) INTI International University университетінің бизнес әкімшілігі магистрі, білім беру менеджменті магистрі, ақпараттық технологиялар магистрі, құрылыс менеджменті магистрі және бизнес әкімшілігі докторы бағдарламалары бойынша онлайн кәсіби білім беру бағдарламаларын және академиялық іс-шараларын ұйымдастыру мәселесін қарастырды.
IITU студенттері жаңа халықаралық тәжірибе алу мүмкіндігін ашуда.