15 қараша күні IITU-да М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің (ҚИнЭУ) өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында IITU Басқарма төрағасы – Ректоры Исахов Асылбек Абдиашимович пен ҚИнЭУ Президенті Мамедов Рихсибай Абдурахманович университеттер арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Негізгі назар бірлескен ғылыми және гранттық жобаларды іске асыру мүмкіндігіне, сондай-ақ халықаралық бастамаларға аударылды.
Бұл екі жоғары оқу орны үшін ғылыми және академиялық тәжірибе мен білім алмасу аясын кеңейтуге тамаша мүмкіндік. Бірлескен күш-жігер ғылыми зерттеулерге, инновацияларға және білім сапасын арттыруға жаңа перспективалар ашады деген сенімдеміз.