Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде «Экстремизм мен терроризм – қоғам қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
01.04.2026

2026 жылғы 1 сәуір күні Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінде «Экстремизм мен терроризм – қоғам қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыбында маңызды кездесу өтті.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алу, олардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту болды.


Кездесудің арнайы спикері — Гульнар Жакановна Джуманова өз баяндамасында экстремизм мен терроризмнің заманауи көріністері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері, сондай-ақ жастардың радикалды идеологияға тартылу себептері туралы кеңінен айтып өтті.


Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттан қорғану жолдары және сыни ойлаудың маңыздылығы түсіндірілді.


Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.


Аталған іс-шара жастардың саналы көзқарасын қалыптастыруға, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және экстремизм мен терроризмге қарсы тұруда маңызды қадам болды.

DSC08714.JPG

DSC08749.JPG

DSC08741.JPG

IMG_4719.jpg

Версия сайта для слабовидящих