28-30 қазан аралығында Бельгияның Лювен қаласында “EUSPN 2024” 15-ші Халықаралық конференциясы аясында IITU 2-ші “Digital Society: in the Eve of the 6th Information Revolution” халықаралық воркшопының сәтті өтуін хабарлауға қуаныштымыз.
Біздің университеттің “Digital Society” воркшопына ұсынылған 30-дан астам мақаласының 20-сы рецензиядан өтіп, мазмұнды талқылаулардың негізi болды.
Воркшоп сессиялары жасанды интеллект, иммерсивті технологиялар, робототехника және сандық трансформацияның әсері сияқты тақырыптарды қамтыды. Университеттің 10 оқытушылары өз баяндамаларын бетпе-бет ұсынса, қалған авторлар онлайн режимінде қатысып, нәтижелі пікірталас туғызды.
Іс-шараның сәтті өтуіне үлес қосқан қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. «Digital Society» воркшопы тәжірибе алмасу және жаңа ғылыми жетістіктермен бөлісу үшін маңызды алаңға айналды. Бұл кездесулер цифрлық қоғам мен білім беруді дамытудағы мәнін айқындай түсті.