«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (ХАТУ) командасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Алматы қаласында өткен Студенттік спорт лигасының ұлттық финалында жеңіс тұғырына көтерілді.
Бұл ауқымды спорттық турнир аясында еліміздің ең үздік студенттік командалары әртүрлі спорт түрлерінен бақ сынасып, жоғары деңгейдегі дайындықты, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Жарысқа Қазақстан бойынша 50 университеттен 2500-ден астам студент қатысты.
Осы тартысты додада ХАТУ намысын қорғаған спортшыларымыз ерекше нәтижелер көрсетті:
Шахмат бойынша: бүкіл Қазақстаннан келген ең мықты 18 команда арасынан суырылып шыққан ХАТУ құрамасы күміс жүлдені иеленді!
Командамызды жарысқа жоғары деңгейде дайындаған білікті жаттықтырушы Н.И. Муқашеваны және зияткер студенттерімізді зор жеңісімен құттықтаймыз!
Сондай-ақ, университетіміздің футбол құрамасы да жасыл алаңда жоғары шеберлік пен мықты командалық ойын көрсетіп, турнир барысында ерекше көзге түсті.
Университет абыройын ұлттық деңгейде мақтанышпен қорғаған барлық спортшыларымызды жарқын өнерлерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Студенттер арасында спорттың дамуына үлкен серпін беріп, осы ауқымды шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне және жастардың спорттық бастамаларына әрдайым қолдау көрсетіп жүрген Ақерке Абылайханға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Спортшыларымызға алдағы уақытта да сенімді жеңістер, жарқын эмоциялар және жаңа биік белестерді бағындыруды тілейміз! Алға, ХАТУ!





