Басқарма төрағасы — IITU ректоры Астана қаласында өткен «CONNECTED 2024» халықаралық конференциясында сөз сөйледі.
2024 жылдың 18–19 қазан аралығында Астана қаласында болашақ образын түсіну туралы CONNECTED-2024 халықаралық конференциясы өтті. Бұл ірі шара 20-дан астам елден келген 1500-ге жуық делегатты біріктіріп, шығармашылық идеяларды талқылауға, болашақ стратегиаларды болжауға және алдыңғы қатарлы тәжірибемен бөлісуге арналған ерекше алаңға айналды.
«CONNECTED 2024» конференциясының салтанатты ашылуында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізіп, Қазақстанда академиялық хаб құрудың және ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек өз кезегінде қазақстандық білім берудің дәстүрлі оқу бағдарламаларын сақтау мен жасанды интеллектпен байланысты жаңа қиындықтарға бейімделу қажеттілігі бойынша мәселені талқылады.
Іс-шара бағдарламасы үш негізгі вертикаль бойынша құрылды: «Future Shaping», «Future Education & Science» және «EdTech and Impact Entrepreneurship».
Ректор Асылбек Абдиашимович бірінші категорияда «Жоғары білімде жасанды интеллект: қызығушылықтан енгізу стратегиясына дейін» тақырыбында баяндама жасады. Ол сөзінде білім алуда жасанды интеллектінің маңыздылығына назар аударып, оның студенттерге арналған персонализацияланған білім беру маршруттарын құрудағы рөлін ерекше атап өтті. Ректор сондай-ақ интеллектуалды капиталды қалыптастырудың жаһандық көшбасшылықтың негізгі элементі ретінде қажеттілігін талқылады.