IITU I жас ғалымдардың Конгресінде «Жас Сәтбаевшылар»
25.11.2024

2024 жылы 21 қарашада ХАТУ-дың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Колесникова Катерина Викторовна және «Аралас шындық зертханасы» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Цой Дана Қазақстан жас ғалымдарының I Конгресі – «Жас Сәтбаевшылар» атты пленарлық отырысына қатысты. Бұл іс-шара жас зерттеушілерді ғана емес, елдің танымал ғалымдарын да біріктірді.


Шара Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» ғимаратында өтті.
Пленарлық отырыстың модераторы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жабагин Мақсат Қизатұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар, жиынға мемлекеттік басқару өкілдері мен ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты, олардың қатарында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки болды.


Отырыс барысында ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің қызметі (Жабагин Мақсат), Қазақстан ғылымының даму тарихы (Джунисбаев Алмас), «Қаныш Сәтбаев феномені» кітабының тұсаукесері (Байбол Әлібек), сондай-ақ биоинновация, генетика, вакцинология және кванттық технологиялар саласындағы зерттеулер туралы баяндамалар жасалды.


Конгресс елдің ғылыми әлеуетін қолдауға, пәнаралық өзара әрекеттестікті кеңейтуге және жастар арасындағы инновациялық белсенділікті ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих