ХАТУ АҚ өкілдері 2024 жылдың 19 желтоқсанында Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күніне қатысып, өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында қатысушылар 2025 жылғы байқау ережелері мен жаңалықтары туралы жан-жақты ақпарат алып, білімдерін тереңдетті. Тәжірибе алмасу арқылы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар жасалды.
Негізгі талқыланған мәселелер:
• 2024 жылғы байқау қорытындылары мен 2025 жылғы байқауға дайындық кезеңі.
• Университеттердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Erasmus+ жобаларын тиімді басқару әдістері.
• Тұрақты даму мақсаттарына жетуде университеттер мен кәсіпорындар арасындағы серіктестіктің маңыздылығы.
• Қазақстан үшін Jean Monnet жобалары мен Erasmus Mundus бірлескен магистратура бағдарламаларының тиімділігі.
B2B-кездесулер мен пікірталастар барысында жаңа білім беру бастамаларын іске асыру және халықаралық жобаларға қатысу үшін консорциум құру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Erasmus+ Kazakhstan командасына мазмұнды және жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара үшін алғысымызды білдіреміз!