ХАТУ және Coursera: халықаралық серіктестік болашақ университетін құруға қалай көмектесуде
10.06.2026

ХАТУ Coursera-ның жаһандық консультативтік кеңесіне кіріп, Бостондағы саммитте жоғары халықаралық танымалдылыққа ие болды


Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) онлайн-оқытуды академиялық процеске ауқымды интеграциялаудың әлемдік үздік үлгілерінің бірі ретінде танылды. Университет пен жетекші білім беру платформасы арасындағы серіктестік нәтижелерінің жоғары бағасы Бостонда өткен халықаралық Coursera Future of Higher Education Summit саммитінде айтылды.


Coursera бас директоры Грэг Харт ХАТУ-дың заманауи білім беру моделін құрудағы табыстарын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, университет цифрлық оқытуды академиялық бағдарламаларға сәтті енгізіп, студенттердің де, оқытушылар құрамының да озық білімді игеруге және үздіксіз кәсіби дамуға 100 пайыздық әрі белсенді тартылуын қамтамасыз етті.


Customer Advisory Board (CAB) құрамына кіру


Платформа тарапынан көрсетілген жоғары сенімнің тағы бір дәлелі — ХАТУ-дың жетекші серіктес университеттердің эксклюзивті консультативтік кеңесі болып табылатын Coursera for Campus Customer Advisory Board (CAB) халықаралық қоғамдастығының құрамына кіруі болды.


ХАТУ сарапшы және CAB-тың толық құқылы мүшесі мәртебесінде жаһандық білім беру технологияларын дамыту векторын қалыптастыруға тікелей қатысады. Университет өкілдері платформаның болашағын, жаңа оқыту құралдарын енгізуді, академиялық ортада жасанды интеллектіні қолдануды және әлемдік аренада цифрлық білім берудің озық тәжірибелерін дамытуды талқылайды. Бұл қадам ХАТУ-дың Қазақстан Республикасында ғана емес, одан тыс жерлерде де білім беру инновацияларының көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін бекітеді.


Білім беру моделінің трансформациясы


Бүгінде ХАТУ мен Coursera ынтымақтастығы онлайн-курстарға қолжетімділікті қамтамасыз етудің классикалық шеңберінен шығып кетті. Бірлескен күш-жігердің арқасында жоғары білімнің мүлдем жаңа моделі қалыптасуда:

  • Жаһандық экожүйе: Университет өз студенттері үшін географиялық кедергілерді жоя отырып, әлемдік үздік сарапшылардың біліміне жол ашады.
  • Икемділік және дербестендіру: Дәстүрлі білім беру жүйесі цифрлық экономиканың нақты қажеттіліктерімен тығыз байланысты, құзыреттерді үздіксіз дамытудың бейімделгіш жүйесіне айналады.
  • ЖИ дәуіріндегі өзектілік: Серіктестік студенттер мен оқытушыларға жасанды интеллект, Data Science, киберқауіпсіздік, цифрлық бизнес және бағдарламалық инженерия саласындағы ең озық материалдарға жедел қол жеткізуді қамтамысыз етеді. Бұл технологиялардың қарқынды дамуы мен оқу жоспарларының жаңаруы арасындағы алшақтықты барынша азайтуға мүмкіндік береді.


Бүгінгі таңда ХАТУ мен Coursera бірлесіп Қазақстанның жаңа білім беру ландшафтын қалыптастыруда. Бұл парадигмада халықаралық білім сапасы әрбір студентке қолжетімді болады, ал университеттің өзі үздіксіз кәсіби және тұлғалық өсудің (Lifelong Learning) қуатты платформасы ретінде әрекет етеді.

5280836310081936544.jpg

5280836310081936545.jpg

Версия сайта для слабовидящих