IITU және Қытай - Студенттер мен ғылым үшін жаңа перспективалар
28.11.2024

ХАТУ халықаралық серіктестік саласында жаңа мүмкіндіктер ашуда!

22 қараша күні ХАТУ ректоры мен проректоры Шэньчжэнь қаласындағы Пекин университетінің Ғылыми-зерттеу институты, Сямынь университеті, сондай-ақ Қытайдың жасанды интеллектіні басқару комитеті мен “Жібек жолы Қуиньхай” заңгерлік қызметтер Федерациясы өкілдерімен кездесуі өтті.


Кездесуде талқыланған мәселелер:

  • Ғылыми зерттеулерді дамыту
  • Білім беру жобалары
  • Инновациялық технологияларды енгізу

Бұл кездесулердің нәтижелері болашақта халықаралық серіктестік пен бірлескен бастамалар үшін маңызды негіз болады деп күтілуде.
ХАТУ бұл маңызды шараны ұйымдастырған Қытай-Еуразия бизнес орталығына алғыс білдіреді.

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих