Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) өкілдері Іле-Алатау ұлттық паркінде өткен «Halyk орманы» атты кең ауқымды экологиялық акцияға қатысты.
Бұл бастама орман қорының өрт пен кесуден кейін қалпына келуіне және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шараға еріктілер, студенттер, оқушылар, мемлекеттік ұйымдар мен Halyk қорының өкілдері қатысып, бірге 700-ге жуық қылқанжапырақты ағаш көшеттерін отырғызды.
Республикалық экологиялық жоба Halyk қоры мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылуда.
Бес жыл ішінде елдің әр өңірінде 4 миллионнан астам ағаш отырғызуға және 1 миллиард теңге бөлу жоспарланған.
Бірінші кезең Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында өтіп, онда 800 мыңнан астам көшет отырғызылды. Келесі кезең — Іле-Алатау ұлттық паркінде 14 мың шырша отырғызу.
Жоба экожүйені жақсартумен қатар, табиғатты аялау мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеді. Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа қамқорлық пен Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі.
IITU экологияны қорғауға және Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдайды. 🌲