Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) Қазақстан атынан Asia аймағындағы ең ірі технологиялық форум — China National Computer Congress 2025 (CNCC) іс-шарасына қатысты. Конгресс компьютерлік ғылымдар мен жасанды интеллектке арналды.
«China–Kazakhstan Computer Cooperation Forum» аясында жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық егіздер салаларындағы академиялық ұтқырлық пен бірлескен жобалар талқыланды.
Университет атынан цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор Нуржан Дузбаев сөз сөйлеп, серіктестіктің және зерттеушілер мен студенттер үшін жаңа мүмкіндіктердің маңыздылығын атап өтті.
#ХАТУ #CNCC2025 #Harbin #KazakhstanChina #AI #ComputerScience #DigitalFuture #InternationalCooperation