IITU — Қазақстанның үздік техникалық ЖОО-ларының қатарында!
02.07.2025

2025 жылғы IQAA-Ranking нәтижесіне сәйкес, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) Қазақстандағы техникалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингі бойынша 2-орынға ие болды!


Бұл көрсеткіш – университеттің жоғары академиялық деңгейін, білім беру сапасын, ғылыми-зерттеу әлеуетін және еңбек нарығындағы беделін дәлелдейтін маңызды жетістік.


🔹 IQAA-Ranking — Қазақстандағы жоғары оқу орындарын тәуелсіз бағалайтын ең беделді рейтингтердің бірі. Рейтинг жасау кезінде университеттің білім беру бағдарламалары, профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігі, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, халықаралық әріптестік пен ғылыми қызметтер сияқты көптеген критерийлер есепке алынады.


📌 IITU бүгінгі таңда — тек сапалы IT-білім беретін оқу орны ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның цифрлық трансформациясына серпін беретін маңызды орталықтардың бірі. Университет студенттерді заманауи технологиялармен, стартап-экожүйемен, шетелдік бағдарламалармен және халықаралық тәжірибемен қамтамасыз ете отырып, олардың болашағына нақты жол ашады.


🚀 Бұл жетістік — университеттің барлық профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері, студенттері және түлектері бірлесе атқарған қажырлы еңбектің нәтижесі.


Сіздердің әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз!

Версия сайта для слабовидящих