IITU және XJTU серіктестікті дамытуда
12.03.2025

International Information Technology University (IITU) делегациясы Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Xi’an Jiaotong University (XJTU) университетіне сапармен барды. Визит барысында Басқарма төрағасы – ректор Асылбек Исахов пен XJTU ректоры, академик Чжан Лицюнь арасында кездесу өтті.


Тараптар өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылап, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын дамытуға, сондай-ақ, жасанды интеллект пен білім беруді цифрландыру саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. XJTU басқаратын Жібек жолы университеттері альянсының жобаларына IITU-дың қатысуы жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, IITU студенттері XJTU ұйымдастыратын жазғы мектепке қатысу мүмкіндігіне ие болады.


Сапар барысында делегация ғылыми зертханалар мен орталықтарды, оқу ғимараттарын, сондай-ақ Қытай университетінің тарих музейін аралап көрді. Жақын уақытта XJTU ғалымдары Алматыға келіп, IITU өткізетін ғылыми конференциялар мен іс-шараларға қатысады.


Версия сайта для слабовидящих