Сеулге жасаған жұмыс сапары аясында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) Сеул Медиа және Технологиялар Институтымен (Seoul Media Institute of Technology, SMIT) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Келісім аясында "4+1" форматындағы киберқауіпсіздік бойынша бірлескен магистратура бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарлама IITU түлектеріне Сеулде бір жылдық жеделдетілген магистратурадан өтіп, ақпараттық қауіпсіздік саласында халықаралық біліктілік алуға мүмкіндік береді.
Құжатқа IITU ректоры, доктор Асылбек Исаxов пен SMIT президенті, профессор Хи Хан қол қойды.
Бұл әріптестік тәжірибелік дағдылары бар, киберқауіпсіздік мәселелеріне жаһандық көзқараспен қарайтын мамандарды даярлауға бағытталған. Сонымен қатар, бұл бастама академиялық ұтқырлықты, халықаралық білім беру және IT саласындағы ынтымақтастықты дамытуға негіз болады.
Біз бұл келісім студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы білім беру байланыстарын нығайтатынына сенеміз.
