«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» (IITU) мен «Jump Kazakhstan» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі әйгілі «Медеу» мұз айдынында өткен Jump Urban Street Fest жастар фестивалі аясында өтті. Құжатқа IITU Басқарма Төрағасы – Ректор Асылбек Исахов пен Jump Kazakhstan компаниясының Бас директоры Жомарт Асенканов қол қойды.
Меморандум аясында тараптар салауатты өмір салтын, дене шынықтыруды және спортты насихаттауға бағытталған бастамалар мен жобаларды бірлесе дамытуға уағдаласты. Алдағы жоспарларда – баскетбол турнирлерін, PR-науқандарын және жастарды белсенді спортқа тартатын түрлі іс-шараларды ұйымдастыру бар.
Меморандумға қол қою рәсімі фестивальдің жалғасы болып, білім, спорт және мәдениет салаларындағы күш біріктіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетті.
Айта кету керек, Jump Urban Street Fest фестивалі мыңдаған қатысушыларды, көрермендерді және жанкүйерлерді жинап, оларға ерекше әсер сыйлады. Бағдарламада баскетбол турнирлері, би баттлы, диджей-сайыстар, скейтбордшылардың әсерлі шоуы және басқа да көптеген белсенділіктер болды. Кешкісін қазақстандық белгілі әртістер – Yenlik, Hiro және «Ирина Кайратовна» тобы сахнаға шығып, мерекенің атмосферасын одан әрі қыздырды.