Біз China Jiliang University (CJLU) университетімен ресми ынтымақтастықтың басталғанын қуана хабарлаймыз! Екі университет арасында академиялық ұтқырлық, ғылыми бастамалар, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар алмасуын қамтитын меморандумға қол қойылды. Бұл ынтымақтастық білім мен тәжірибе алмасуға, жаңа бағыттарды кеңейтуге және ғылыми зерттеулерді тереңдетуге зор мүмкіндік береді.
China Jiliang University (CJLU) – метрология, стандарттау, инженерлік ғылымдар және сапаны басқару салаларына маманданған Қытайдың жетекші университеттерінің бірі. Университет Қытайдың ұлттық стандарттарын әзірлеу және енгізу ісіне белсенді қатысып, өлшеу және сапаны бақылау жүйелерін жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, CJLU – білім мен инновациялардың ірі орталығы және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Бұл серіктестік IITU студенттері мен оқытушылары үшін білім алу және ғылыми зерттеулер жүргізу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және технология саласындағы байланыстарды нығайтады.
