Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) Австралияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі - Monash University-мен стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Аталған университет QS World University Rankings 2025 рейтингінде 36-орынға ие. Бұл келісім IITU-дың халықаралық беделін арттырып, академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Monash University - Group of Eight (Go8) мүшесі және ғылым, технология, инженерия, медицина және инновация салаларындағы жетістіктерімен әлемге танымал. Бұл меморандумға қол қою IITU-дың академиялық әлеуетінің өсіп келе жатқанын және жаһандық білім беру кеңістігіне белсенді кірігуін көрсетеді.
Келісім шеңберінде мынадай негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық қарастырылған:
- Өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Оқу-әдістемелік материалдармен алмасу;
- Студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық мобильдік бағдарламалары;
- Бірлескен семинарлар, конференциялар мен білім беру іс-шараларын ұйымдастыру.
Бұл әріптестік IITU студенттері үшін халықаралық тәжірибе жинауға, зерттеу жобаларына қатысуға және академиялық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқытушыларға бірлескен ғылыми жұмыстар мен мақалалар жазуға, сонымен қатар жаңа білім беру әдістерімен алмасуға жол ашылады.
Аталған келісім IITU-дың жаһандық цифрлық университет ретінде даму стратегиясымен үйлеседі. Monash University-мен ынтымақтастық университеттің ғылыми және академиялық әлеуетін нығайтып, шетелдік студенттер мен серіктестер үшін университеттің тартымдылығын арттырады.
IITU Азия, Еуропа және енді Австралия елдерінің үздік жоғары оқу орындарын біріктіретін халықаралық серіктестік желісін дамытуды жалғастыруда, басты мақсат: цифрлық экономикаға дайын білікті мамандарды даярлау