«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (IITU) мен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (ҰАО) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа IITU Басқарма Төрағасы – ректор Асылбек Исахов пен ҰАО бас директоры Искандер Хамитов қол қойды.
Тараптар аккредиттеу саласында, халықаралық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті нығайту және сапа инфрақұрылымын дамыту бағыттарында ынтымақтастық орнатуға келісті.
Меморандум аясында:
- мамандардың біліктілігін арттыру үшін бірлескен семинарлар, кездесулер мен тренингтер ұйымдастыру;
- аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпарат алмасу;
- сарапшылармен өзара әрекеттесу және кәсіби іс-шараларға қатысу;
- сәйкестікті бағалау процестерінің ашықтығы, бейтараптығы және сенімділігін арттыру көзделген.
Бұл серіктестік IITU студенттері мен ғылыми қауымдастығын аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы практикалық жобаларға тартуға жол ашады. Университет мемлекеттік құрылымдармен және ұлттық сапа институттарымен ынтымақтастықты кеңейту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.
Меморандумға қол қою – Қазақстандағы сапа мәдениетін дамыту мен сәйкестікті бағалау жүйелеріне деген сенімді арттыруға бағытталған маңызды қадам.