Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) премиум-класс S89 Fitness фитнес-клубтар желісімен бірлесіп, студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді жаңа оқу жылын денсаулық пен белсенді өмір салтымен бастауға шақырады.
Клуб туралы: S89 Fitness – Алматы қаласындағы премиум-форматтағы заманауи спорт орталықтарының желісі. Қазіргі уақытта көлемі 1500-2000 шаршы метр болатын үш клуб жұмыс істейді:
- Гагарин даңғылы, 244а
- Радостовец көшесі, 69
- Суюнбай даңғылы, 89б
S89 Fitness мүмкіндіктері:
- заманауи тренажер залдары мен кәсіби жабдықтар;
- топтық бағдарламаларға арналған кең студиялар;
- бокс және функционалды жаттығу аймақтары;
- жоғары деңгейлі сервис пен жайлы атмосфера.
IITU студенттері, оқытушылары және қызметкерлері үшін арнайы «Full Day» корпоративтік абонементтері жеңілдетілген шарттармен ұсынылады.
Толығырақ ақпарат пен абонемент сатып алу сілтемесі: s89fitness.kz/muit