Қазақстанда IT-мамандар қанша табыс табады?
26.12.2024

Цифрлық даму министрлігінің мәліметтері бойынша, 2024 жылы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға деген сұраныс едәуір өсті. Осыған байланысты, осы саладағы мамандардың орташа айлық жалақысы 54% ұлғайып, 673 мың теңгеге жетті. Соңғы бір жыл ішінде IT саласында жұмыс істейтіндер саны 12% артып, 187 мың адамға жетті.


Бұл саланың тез дамуына байланысты, Қазақстанда жоғары білікті IT мамандарын даярлауға бағытталған «Tech Orda» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – 2025 жылға қарай жекеменшік IT мектептері арқылы 20 мың маман дайындау. Қазіргі таңда бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адам оқып жатыр. Осы бастама еңбек нарығын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге және ақпараттық технологиялар саласының өсімін жалғастыруға бағытталған.


ХАТУ да IT мамандарын даярлауға белсенді қатысып келеді. Тек теориялық білім беріп қоймай, сонымен қатар студенттерге практикалық дағдыларды да үйрету арқылы болашақта сәтті мансап құруына көмектеседі.

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих