«Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік» факультетінде РЭТ кафедрасының оқытушысы А.Е. Шапиеваның «Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында ұйымдастырылған «Адал білім – сенің ымырасыз болашағың» тақырыбында дәрісі өтті.
Іс-шара барысында академиялық адалдықтың, білім беру процесінің ашықтығының және студенттердің бойында жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізгі аспектілері қозғалды. Академиялық этика нормаларын сақтау мәселелеріне, сондай-ақ әділдік пен жауапкершілік принциптерін нығайтудағы білім беру процесіне қатысушы әрбір тұлғаның рөліне ерекше назар аударылды.
А.Е. Шапиева адал білім болашақ мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуының негізі екенін, қоғамда сенімді қалыптастырып, бәсекеге қабілетті тұлғаның дамуына ықпал ететінін атап өтті. Баяндамада студенттердің оқудағы және күнделікті өмірдегі «заң және тәртіп» нормаларын сақтау мәселелеріндегі саналылығын арттыруға бағытталған практикалық мысалдар мен ұсыныстар келтірілді.


